29 Қараша 2022 2022, 22:25
Түркістан облысында жолда қалған 35 адам құтқарылды
Түркістан облысында жолда қалып қойған 35 адам құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Түркістан облысында жолда қалып қойған 35 адам құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгін Кентау-Шолаққорған тас жолының 55-і шақырым жеріндегі Ащысай асуында қалып қойған 35 адам құтқарылды. Көктайғақтан автокөліктердің кептелісі пайда болып, жолдар жабылып қалған.
«2 жүк көлігі мен 8 жеңіл автомобиль жолда қалып қойған. Құтқарушылар мен полиция қызметкерлері көліктерді сүйреп шығарып, ішіндегі 35 адамды қауіпсіз жерге алып шықты. Олардың ішінде 2 бала бар», - делінген Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Айта кетейік, бүгін таңертең Түркістан облысында көктайғақтан Ащысай-Шолаққорған жолы жабылған еді.