Түркістан облысында "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 60-тан астам мектеп салынады
Бүгінде елімізде "Жайлы мектеп" жалпыұлттық жобасы жүзеге асып жатыр. Аталған жоба аясында Түркістан облысында жаңа форматтағы 60-тан астам мектеп салынады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оның жартысының құрылысы биыл басталады.
Жоба аясында ашылған мектептер заманауи құрылғылармен толық жабдықталады. Зертханалармен қамтамасыз етіледі. Бастауыш сыныптарына арналған жеке блог болады. Мұндағы мақсат – оқушылар мен оқытушыларға қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау және білім беру қызметінің сапасын арттыру.
Аталған мектептердің құрылыс жұмыстарына беделді әрі бәсекеге қабілетті компаниялар тартылады.
Сонымен бірге жұмыс барысы қатаң қадағаланады. Ол іске аса білікті техникалық қадағалаушылар шақырылмақ.
Сондай-ақ бұл мектептер халық көп шоғырланған аумақтарда орналасады.