26 Қазан 2026, 22:23
Фото: Скриншот
Түркістан облысында жасөспірімнің аяғы комбайнға қысылып қалды
Оқиға шаруа қожалығының аумағында комбайнды жөндеу кезінде болған.
Түркістан облысының Асықата ауылында комбайнның орақ аппаратына аяғы қысылып қалған жасөспірім құтқарылды.
Оқиға шаруа қожалығының аумағында комбайнды жөндеу кезінде болған. 2009 жылы туған жасөспірімнің аяғы ауыл шаруашылығы техникасының орақ аппаратына қысылып қалған.
Оқиға орнына жедел жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары арнайы құралдардың көмегімен жасөспірімді босатып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды.