14 Тамыз 2026, 23:28
Фото: Скриншот
Түркістан облысында жанармай құю станциясының аумағында өрт шықты
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Түркістан облысының Отырар ауданындағы Шәуілдір ауылында жанармай құю станциясының аумағында өрт болды.
Алдын ала мәлімет бойынша, жанар-жағармай материалдарын төгу кезінде сыйымдылығы 10 тонна болатын жанармай таситын көлік өртенген. Өрт салдарынан әкімшілік ғимараттың 70 шаршы метр аумақтағы қаптамасы және әрқайсысының сыйымдылығы 25 тонна болатын төрт жанар-жағармай резервуары орналасқан аумақ жанған.
Оқиға орнына ТЖМ күштері мен құралдары жедел жетті. Өртті сөндіруге «Көксарай» АҚ және «Шілік» АҚ қызметкерлері де қатысты.
Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында өрт сөндіріліп, оның әрі қарай таралуына жол берілмеді.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.