16 Қазан 2026, 23:55 Фото: Скриншот

Түркістан облысында зауыт аумағында өрт шықты

Өрт толық сөндірілді.

Түркістан облысының Кентау қаласында зауыт аумағындағы сорғы станциясында өрт шықты.

Төтенше жағдай туралы хабарлама түскен соң оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері, «Ащысай» АҚ-ның ерікті өрт сөндірушілері және тиісті қызметтер жедел жетті.

Өрт сөндірушілердің мәліметінше, жеке тұрған сорғы станциясының ғимаратында трансформатор майының қалдықтары тұтанған.

Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.