Түркістан облысында үшем дүниеге келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ордабасы ауданының тұрғыны Мақпал Абдурахимова үш ұл босанды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Сәбилер облыс орталығындағы №1 облыстық перинаталдық орталығында өмірге келді. Жаңа туған нәрестелерге Мәулен, Мардан, Мансур есімдері берілді. Нәрестелердің салмағы 2030 гр, 1675 гр, 1700 гр болған.
Мерзімінен ерте туылған үшем мен олардың анасы қазір дәрігерлердің бақылауында. Периниталдық орталықтың медицина қызметкерлері ана мен сәбилердің денсаулығын қадағалап отыр. Қазіргі жағдайлары жақсы.
Айта кетейік, үшем дүниеге келген отбасында бір ұл бар. Көпбалалы ана үй шаруасында отырған әйел болса, отағасы – жеке кәсіпкер.
Бұл жыл басынан Түркістан облысында дүниеге келген екінші үшем.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әлемде азық-түлік дағдарысы күшейді
Өзгелердің жаңалығы