Түркістан облысында тұрғындар алаяққа алданып қалды
Түлкібас аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында зейнетақы қорынан ақшасын алуға көмектесетінін айтып алаяқтыққа барған күдікті әйелді қолға түсірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, күдікті әйел Instagram желісі арқылы зейнетақы жинағын алып беретінін айтып, жалған жарнама жасаған.
Яғни, екі бірдей сенім білдірген жәбірленушілерге көмектесе алатынын айтып алдын ала ақшасын алған соң телефонын сөндіріп, байланысын үзген. Тәртіп сақшылары күдіктінің дәл осыған ұқсас тағы бір жәйтқа қатысты алаяқтық қылмысын анықтады. Жәбірленушілерге келтірген шығын көлемі 1 миллион теңгеге жуық. Қазіргі таңда әйел адамның ісі қаралып, сотқа өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Еуропа елдерінде дәрі-дәрмек қоры азайды
Өзгелердің жаңалығы