Бүгiн 2026, 17:16 Фото: "Тұран" футбол клубы

Түркістан облысында "Тұран" футбол клубы небәрі 1 миллион теңгеге сатылмақ

Сатып алуға үміткердің спорт саласында кемінде бес жылдық жұмыс тәжірибесі болуы қажет.

Түркістан облысының Қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы "Тұран" футбол клубының сатылатынын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бастапқы бағасы – 1 054 000 теңге, кепілдік жарнасы – 158 100 теңге.
Сатып алушы 10 жыл ішінде мынадай міндеттемелерді орындауы тиіс:
 
• футболдан жасөспірімдер академиясын құру;
• клубтың бағытын және штат санын (қазіргі таңда – 14 қызметкер) сақтау;
• команданы дамытуға инвестиция салу;
• әйелдер футбол командасын жасақтау;
• материалдық-техникалық базаны қамтамасыз ету, оның ішінде жергілікті ірі стадиондармен келісімшарттар жасасу;
• 2027 жылдан бастап Қазақстан Премьер-лигасына тұрақты қатысу;
• клубты сенімгерлік басқаруға бермеу және иеліктен шығармау.
 
Сатып алуға үміткердің спорт саласында кемінде бес жылдық жұмыс тәжірибесі болуы қажет.
 
Клубты сату инвестиция тартуға, өңірдің спорттық инфрақұрылымын дамытуға және Түркістан облысының қазақстандық футболдағы позициясын нығайтуға бағытталған.