Түркістан облысында тауда адасып кеткен ер адам түнде құтқарылды
Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары түнгі құтқару операциясын жүргізіп, тауда адасып кеткен азаматты қауіпсіз жерге жеткізді.
Түлкібас ауданындағы Үшкіртау тауында құтқарушылардың көмегі қажет болды. Таулы аймаққа көтерілген ер адам өздігінен төмен түсе алмай қалған.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.
Көмек көрсету үшін оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері жіберілді. Іздеу-құтқару жұмыстары түнгі уақытта жүргізілді. Ер адамның нақты орналасқан жері геолокация арқылы анықталды.
Құтқарушылар оған жетіп, қажетті көмек көрсетті. Кейін ер адам таудан аман-есен түсірілді.