Кеше 2026, 23:53 Фото: istockphoto.com

Түркістан облысында суға кеткен баланы іздеу жұмыстары жалғасуда

Құтқарушылар баланы табу үшін барлық қажетті шараларды қабылдап, іздеу жұмыстарын күшейтілген режимде жүргізіп жатыр.

Түркістан облысының Келес ауданында 2018 жылы туған баланы іздеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметке сәйкес, 23 наурыз күні сағат 17:00 шамасында бала ойнап жүріп, Келес өзеніне құлап, суға батып кеткен.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің күштері, «Барыс» республикалық жедел-құтқару жасағы, полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар өкілдері, сондай-ақ еріктілер мен туыстары жұмылдырылған.

Жалпы іздеу жұмыстарына 300-ге жуық адам, 13 техника, 4 жүзу құралы, жылу камераларымен жабдықталған 3 ұшқышсыз ұшу аппараты және бір спутниктік байланыс құралы тартылған.

Құтқарушылар баланы табу үшін барлық қажетті шараларды қабылдап, іздеу жұмыстарын күшейтілген режимде жүргізіп жатыр.