Түркістан облысында шаруалар субсидия қаржысын тойға жұмсаған

Түркістан облысында шаруалар ауыл шаруашылығын дамытуға, асыл тұқымды мал басын көбейтуге берілген субсидияны мақсатсыз пайдаланған, деп хабарлайды BАQ.KZ Қазақстан Телеарнасына сілтеме жасап.

Кейбірі банктегі несиесін төлесе, енді бірі той өткізуге жаратқан. Мұндай заңбұзушылықты соңғы үш жыл көлемінде субсидияның жұмсалу барысын тексерген облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері анықтады. Былтыр осындай 15 дерек тіркелсе, жыл басынан бері тағы 3 қылмыстық іс қозғалған. Яғни, мал шаруашылығын дамытамын деген шаруалар ірі қараны көбейтуге арналған жалған жобалар жасаған.

Олар «Сыбаға» бағдарламасы аясында құжаттарын реттеп, асыл тұқымды малы болмаса да, мемлекеттен қолдау қаржы алған. Субсидияны заңсыз иеленгендердің дені Жетісай мен Мақтаарал, Сарыағаш пен Келес ауданданында тұрады. Олар енді субсидияға бөлінген ақшаны мемлекетке қайтарады.

Мемлекетке келтірілген шығын 1 млрд теңгеден астам шығын көзделген және тиісінше қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сотқа жіберілген. Мемлекет қаражатын ірі көлемде жымқырған жағдайда 3 жылдан 5 жылға дейін немесе 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру ауапкершілігі көзделген,-деді облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің жедел уәкілі Гүлзия Қарсыбай.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы