Түркістан облысында сайлау өз деңгейінде өтіп жатыр – байқаушы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Партиялық емес байқау орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы филиалының төрағасы Бектай Орманов Түркістан облысында сайлау процесінің қалай өтіп жатқанын айтып берді.
Түркістан облысында 241 сайлау учаскесі бар. Оның төртеуі жабық сайлау учаскесі. Қалған 237 сайлау учаскесінде байқаушыларымыз сайлау процесі басталғаннан бері қызметін жүзеге асырып жатыр. Сайлаудың заңға сай дұрыс, әділ өтуі, ешқандай заңбұзушылықтар болмауын, сонымен бірге басқа да бір тараптың сайлау процесіне араласуын болдырмау мақсатында жұмыс істеп жатырмыз, - деді байқаушы.
Қазіргі таңда облыс көлемінде айтарлықтай келеңсіз оқиға орын алмады. Айтуынша, сайлау өз деңгейінде өтіп жатыр.
Бектай Орманов сайлау процесінің қалай жүргізіліп жатқанын орталық таратқан жұмыс блокнотына тіркеп жатқандарын айтты.
Түркістан облысында аталған 237 сайлау учаскесінде 350-ден аса байқаушы жұмыс істеп жатыр, - деп толықтырды ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгін Қазақстанда – Сауда қызметкерлері күні
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы