Түркістан облысында құтқарушыларға жаңа техника кілттері табысталды

Түркістан облысының құтқарушылары жоғары өтімді Toyota HILUX автокөліктерін алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ таратқан ақпаратқа сәйкес, жаңа техника жолсыз және таулы жерлерде жедел жұмыс істеуге арналған.

Іс-шараға Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Тұрсынбаев Кеген Ахметұлы, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Алтаев Ерта , сондай-ақ Түркістан облысы ТЖД басшылығы мен жеке құрамы қатысты.

Төтенше жағдайлар вице-министрі халық санының өсуі мен технологиялардың дамуына орай құтқарушыларды жаңа техника және жабдықтармен қамтамасыз етудің аса маңызды міндет екенін атап өтті. Ол бұл жұмыстың алдағы уақытта да жалғасатынын, құтқарушылардың халық игілігі үшін сапалы әрі үздіксіз қызмет көрсетуін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар атқарылатынын айтты.

Осындай автокөліктерді пайдалану құтқарушыларға қиын жететін аудандарға жылдам жетуге, барлау жүргізуге және төтенше жағдайлардың салдарын жою кезінде қажетті жабдықты жеткізуге мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы