30 Маусым 2024 2024, 17:05 Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Түркістан облысында құрғақ шөп өртенді

ТЖМ қызметкерлері Түркістан облысында өртенген құрғақ шөпті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ қызметкерлері Түркістан облысында өртенген құрғақ шөпті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бәйдібек ауданының Ынтымақ ауылынан 5 шақырым қашықтықта 5 гектар алаңда құрғақ шөптің жануы орын алды.

Құтқарушылар өртті толығымен жойды. Зардап шеккендер жоқ.

Төтенше жағдай туындаған кезде 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыздар!