26 Қазан 2026, 17:14
Фото: pixabay.com
Түркістан облысында қоғамдық моншаның шатыры өртенді
Түркістан облысында қоғамдық моншаның шатырына от тұтанды. Оқиғаның мән-жайы нақтылануда.
Түркістан облысының Т. Рысқұлов ауылындағы қоғамдық моншадан өрт шықты.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Пушкин көшесінде орналасқан бір қабатты ғимараттың шатыры өртенген.
Өрттің таралу қаупіне байланысты өрт сөндірушілер оқиға орнына жоғары шақырту деңгейімен жіберілді. Олар келген кезде ғимараттың шатыры ашық жалынмен жанып жатқан, – деп хабарлады ведомство.
Құтқарушылар үздіксіз су беруді ұйымдастырып, өрттің бүкіл ғимаратқа таралуына жол бермеді.
Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.