Түркістан облысында Президент кортежі жүретін бағыттан қару-жарақ табылды

Түркістан облысында Мемлекет басшысының кортежінің жүру бағытын тексеру кезінде ІІМ, ҰҚК қызметкерлері МКҚ-мен бірлесіп жасырылған қару-жарағын тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Телеграм-арнасы мәлімдеді.

Белгілі болғандай, осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтау және күдікті адамдарды ұстау бойынша қажетті жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада. 

Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы