Түркістан облысында полицейлер заңсыз ойын кеңсесін анықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жетісай АПБ-нің кезекші бөліміне ұялы телефон арқылы бір азамат хабарласып, дәмхананың жанында заңсыз «Кено» ойынханасы ашылып, жұмыс істеп жатқаны туралы хабарлама беріп, полиция қызметкерлерінің келуін сұраған.
Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 307-бабы («Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру») бойынша тіркеді.
Хабарлама бойынша оқиға орнына Жетісай АПБ-нің жедел-тергеу тобы шұғыл жетті. Тексеру барысында ойынхананың ашық тұрғаны анықталған. Ойынхананың ішіне кіріп, тексеру кезінде «Кено» ойыны заңсыз істеп тұрғаны анықталды. Сондай-ақ ойынханада оператор болып жұмыс істеп тұрған жас қыз Сарыағаш ауданының тұрғыны болып шықты. Айғақ зат ретінде 3 теледидар, 8 дана жүйелік блок, 8 монитор және 2 дана чек басып шығаратын кассалық аппарат тәркіленіп алынды, - деп хабарлады Түркістан облыстық ПД-ның баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда, күдіктінің бас шарасы ешқайда кетпеу туралы қолхатта. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде Түркістан облысы полицейлері тұрғындарға заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырудың соңы қылмыстық жауаптылыққа әкеліп соқтыратынын ескертеді. Және кәсіпкерлерге карантин талаптарын, яғни бетперделік режим мен арақашықтықты сақтауды, әсіресе, заңсыз ойынханалар ашып, жастардың санасын улауға жол бермеуге кеңес береді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркістан облысында ауыр жүк көлігі жол апатына ұшырады
Келесі жаңалық
Атырау тұрғынынан сібір жарасының белгісі анықталды
Өзгелердің жаңалығы