Түркістан облысында папайя мен банан өсіріп жатыр

Түркістан облысының шаруалары папайя мен банан өсіре бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сарыағаштық диқан тропикалық жемісті жылыжайда жерсіндірді. Экзотикалық жемістің көшетін өткен жылы Өзбекстаннан әкеліп егіпті. Бір жылдың ішінде папайя 2 метрге, ал банан 6-7 метрге дейін өскен. 

Диқан жеміс ағаштары «ауруға төзімді, жылу берсе болды, өсе береді, - дейді. Ешқандай химиялық қоспа мен минералды тыңайтқыш қолданбаған. Қазір түйіндері кішкентай. Жалпы аймақта банан өсірушілер бұрында болыпты. 

Бірақ өнім алғандарын көргенім жоқ,  - дейді диқан. 

Ал папайя біздің елде алғаш рет өсіріліп отыр. 

1-2 айда алғашқы өнімі пісіп қалуы керек енді. Папайяның дәмін өзіміз жеп көрген жоқпыз. Қазір осы дәрежеге келді. Енді осы 13 сотық жылыжайды тәжірибе жүзінде әртүрлі жеміс ағаштарын егеміз деген жоспарымыз бар. Шетелге шыққанда екі-екі көшетті көтеріп келу әдет болып қалған. Соны алып келе береміз енді. Авакадо бола ма, басқасы бар ма, жоспарларымыз бар, - деді жылыжай иесі Тұрсын Тасқожаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы