Түркістан облысында өртенген үйден екі баланың денесі табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында жеке тұрғын үй өртеніп, 13 жастағы екі бала көз жұмды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқыс оқиға Сауран ауданы Бабайқорған ауылында болған.

Ш.Қалдаяқов көшесінде орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үй отқа оранып, 180 шаршы метр аумақ өртенген. Салдарынан үйдің бірінші қабатының төбесі опырылып түскен.

Құтқарушылар оқиға орнынан 13 жасқа енді толған екі жасөспірімнің денесін алып шықты.

Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің 24 қызметкері мен 7 техникасы, полиция департаментінің 9 қызметкері мен 3 техникасы жұмылдырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы