Түркістан облысында мүгедек жігітті туыстары зорлаған
Түркістан облысында 23 жастағы мүгедек жігіт зорланған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Әлеуметтік желіде журналист Руслан Өтепбай Түркістан облысы Ұшқын ауылында жаға ұстатарлық жағдаймен бөліскен болатын. Онда Гүлзада есімді келіншек 23 жастағы мүгедек ұлын ауылдың 6 баласы зорлап келгенін айтқан. Ең сорақасы зорлады деп күдікке ілінген алты жігіттің үшеуі жәбірленушінің туыстары, ал біреуі кәмелет жасына толмаған 14 жасар бала екені айтылған. Ал аталған жағдайға қатысты Түркістан облысының Полиция департаменті сараптама жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтады.
Қазіргі таңда, бұл мәселе бойынша бірнеше сараптама тағайындалған. Солардың қорытындысын күтіп отырмыз. Оған дейін ақпарат бере алмаймыз, - дейді Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 23 жастағы жәбірленушінің "Сөйлеу тілі мен танымдық қабілетінің тежелуі" (ЗПРР) диагнозы бар. Оқиға туралы мән-жайды бірінші анасына өзі баяндап берген. Тіпті күдіктілердің атын атап, түсін түстеген.