29 Мамыр 2025 2025, 08:31
Фото: Архив
Түркістан облысында мұғалім 8-сынып оқушысын зорламақ болды деген күдікке ілінді
Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Атажұрт ауылында мектеп мұғалімі 8-сынып оқушысын зорламақ болды деген күдікке ілінді
Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Атажұрт ауылында мектеп мұғалімі 8-сынып оқушысын зорламақ болды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жергілікті Otyrar.kz басылымының жазуынша, 38 жастағы мектеп мұғалімі 8-сынып оқушысын түнгі уақытта жеке көлігімен Шымкентке алып барып, қыдыртпақ болған. Жол бойында арам ойын жүзеге асырмақ болып, қызға тиіскен.
Түркістан облысы полиция департаменті аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Күдікті қамауға алынған. Барлық мән-жай анықталып жатыр. Сонымен қатар тергеу мүддесіндегі өзге де ақпараттар Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейді, - делінген Түркістан облысы ПД хабарламасында.