Түркістан облысында миллионға жуық адам вакцина алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында 908625 адам COVID-19 індетіне қарсы вакцина салдырған. Соңғы тәулікте 857 адам екпе қабылдаған. Бұл туралы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыста екінші компонентпен 6261 адам вакцина салдырды. Бүгінде өңір тұрғындары ресейлік «Спутник V», отандық QazVac, Қытайдың CoronaVac және Sinopharm компаниясының Vero Cell вакцинасын қабылдай алады. Соңғы тәулікте Түркістан облысында 43 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім 0,29%. % құрайды. Жалпы облыста пандемия белең алғалы 1 051 303 ПТР-сынамалары алынған. Ал, соңғы тәулікте зертханаларда 2506 адам тексерілді. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 1969 орын бар, олардың 1587-і бос - делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Жалпы, пандемия басталғалы Covid-19 инфекциясы расталған 14 495 жағдай тіркелді. Олардың 7457-да ауру симптомсыз өткен болатын.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы