10 Қазан 2026, 22:23
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов
Түркістан облысында мейрамханаға жапсарлас асүйдің шатыры өртенді
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Түркістан облысы Келес ауданының Абай ауылында мейрамханаға жапсарлас орналасқан асүй бөлмесінің шатыры өртенді.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде шатыр ашық жалынмен жанып жатқан. Мамандар дереу өрт сөндіру оқпандарын беріп, жалынды ауыздықтауға кірісті.
Жедел әрі үйлесімді әрекеттің арқасында өрттің одан әрі таралуына жол берілмей, жалын толық сөндірілді.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.