Түркістан облысында медициналық call-орталығы ашылды
Түркістан облысында тәулік бойы жұмыс істейтін Бірыңғай медициналық ақпараттық call-орталығы ашылды. 1 мың 305 қысқа нөмірлі орталық – денсаулық сақтау саласындағы халыққа көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту үшін құрылды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Бір терезе қағидаты бойынша тәулік бойы қызмет көрсетеді. Тұрғындар медициналық мекемеге немесе маманның жұмысына көңілі толмаса, кез келген уақытта орталыққа қоңырау шалып, арыз-шағымын жеткізе алады. Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жанынан құрылған орталықтың негізгі міндеті – медициналық қызметтердің жұмысын үйлестіріп, салаға бақылауды күшейту.
Соның нәтижесінде ақпараттық-талдау орталығын құру жоспарда. Мұнда ұйымдастырушылық, құқықтық және денсаулық сақтау саласына қатысты кез келген сұраққа жауап беретін кәсіби мамандар отырады. Шағымдар негізінде тоқсан сайын облыстың медициналық ұйымдарының рейтингі жасалады.
Байланыс орталығына келіп түскен арыз-шағымдар бойынша медициналық мекемелердің қайсысы жақсы жұмыс істеп жатқанын және қай мекеменің дұрыс жұмыс істемей жатқанына назар аударатын боламыз. Сонымен қатар дұрыс жұмыс істемейтін мекемелермен жұмысты жетілдіру мақсатында іс-шаралар жүргіземіз, – деді Біріңғай медициналық ақпараттық call-орталығының қызметкері Ұлжан Омарханқызы.