Түркістан облысында қарасора егістігі жойылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында полицейлер кезекті қарасора егістігін жойды.
Сарыағаш АПБ кезекшілігіне жергілікті тұрғын өз үйінде қарасора өсірумен айналысатыны туралы ақпарат келіп түсті. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК 300-бабының 1-бөлігімен «Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру» СДТБТ-ға тіркеді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аудандық полиция қызметкерлері бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған Сарыағаш ауданының тұрғынын күдікті ретінде ұстады. Оның тұрғылықты мекен жайын тінту кезінде жедел уәкілдер ауласынан құрамында есірткісі бар өсімдіктің бірқатарын тәркіледі. Сараптамаға сәйкес, тәркіленген өсімдіктің жалпы салмағы 40 келі қарасора болып шықты. Ер азаматтың оны өзінің тұтынуы үшін өсіргенін мойындады, - делінген хабарламада.Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын және басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтап жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жетісуда қысқы спорт дамымаған
Өзгелердің жаңалығы