Түркістан облысында хабарсыз кеткен ер адам табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында хабарсыз кеткен ер адам табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркстан облысы Қазығұрт ауданының полицейлері 10 күн бойы хабарсыз кеткен азаматты тәулік ішінде тапты. Нақтырақ айтсақ, Қазығұрт АПБ-ға жергілікті тұрғын күйеуі үйінен жұмыс істеймін деп шығып кетіп, содан із-түссіз жоғалғанын хабарлаған. Аталған жайтты тәртіп сақшылары тіркеуге алған.

Азаматты табу үшін учаскелік полицейлер мен жедел уәкілдер жұмылдырылды. Жедел шаралардың арқасында қатардағы полицейлер Бақдәулет Бейсенбай мен Есенғали Төлеген екеуі жоғалған адамның жүрген жерін анықтады. 

Оны ауылдардың бірінде мал бағып жүрген жерінен тауып, аман-есен отбасымен қауыштырды. Әйелі күйеуінің дін-аман табылғанына қуанып, полицейлерге  алғысын жеткізді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы