Түркістан облысында Green challenge іс-шарасы өтті

Түркістан облысында Республика күніне орай Green challenge республикалық іс-шарасы өтті, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Іс-шара Қазақстанның экологиялық қорының бастамасымен Түркістандағы Мырзахан Пошанов атындағы №21 мектебінде және Кентаудағы  Ыбырай Алтынсарин атындағы №1 мектеп-гимназиясында ұйымдастырылды.

Экошараға облыстық Білім басқармасының өкілдері, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының мамандары, Қазақстанның экологиялық қоры  мүшелері, қоғам қайраткерлері, мектеп ұжымы мен оқушылар қатысты. Олар мектеп аумағында ағаш отырғызды.

Сондай-ақ Шардара қаласында «Жастар» аллеясының ашылу салтанаты өтті. Оған әкімдік  өкілдері, депутаттар, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының өкілдері, Қазақстан экологиялық қорының қызметкерлері, экологиялық ұйымдар, жергілікті белсенді жастар мен оқушылар қатысты.

Іс-шара барысында 100-ден аса түп ағаш отырғызылды.

Экошара «Жастар арасында экологиялық мәдениетті нығайту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру» грант жобасы аясында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен ұйымдастырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы