Түркістан облысында есепте тұрған 89 нашақор азамат көлік айдап келген
Қазіргі уақытта бұл бағыттағы қадағалау жұмыстары күшейтілді.
Қадағалау мекемесінің мәліметінше, 89 азамат психиатр мен нарколог дәрігерлердің есебінде тұрған. Олардың денсаулық жағдайы көлік тізгіндеуге тікелей қарсы көрсетілім болса да, заңды жүргізуші куәліктерін пайдаланып келген.
Заңнамаға сәйкес, психикалық және мінез-құлық бұзылыстары бар, сондай-ақ психоактивті заттарды тұтынуға байланысты дертке шалдыққан тұлғалардың, егер медициналық қарсы көрсетілімдері болса, көлік құралдарын басқаруға ешқандай құқығы жоқ, – деп нақтылады қадағалау органынан.
Прокуратураның шұғыл араласуынан кейін іс сотқа жолданды. Сот шешімімен аталған 89 азаматтың барлығының көлік құралын басқару құқығы тоқтатылды (куәліктерінің күші жойылды).
Сонымен қатар, бұл заңсыздыққа жол берген және тексерісті тиісінше жүргізбеген жауапты лауазымды тұлғалар да анықталып, оларға қатысты тиісті тәртіптік жаза қолданылды. Қазіргі уақытта бұл бағыттағы қадағалау жұмыстары күшейтілді.
- Риддерде жер үйдің ауласына аюлар кіріп кетті 10:10
- Алматыда LRT құрылысына байланысты бірнеше қоғамдық көліктің схемасы өзгереді 09:53
- Қазақстан Халық Кеңесінде қоғамдық бастамаларды дамыту комитеті жұмысын бастады 09:36
- «Bingo-37» және «Lotoboom»: Шымкентте онлайн-казино ұйымдастырушылары сотталды 09:24
- «Қазақстан құрамасы мұндай төмен нәтиже көрсетпеуі тиіс»: ҚФФ бас хатшысы мәлімдеме жасады 08:50
- Ақтау порты контейнерлік тасымал бойынша рекорд жаңартты 08:21
- Медициналық нысандар мен тегін дәрі-дәрмек: Денсаулық сақтау саласындағы оң өзгерістер 08:00