Түркістан облысында ер адам әйелін балғамен ұрып өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсады
Түркістан облысында ер адам әйелін балғамен ұрып өлтіріп, одан кейін өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жергілікті тұрғын үйінде жұбайына дене жарақатын салған.
Салдарынан ол қайтыс болған. Осы оқиғадан соң ер адам қылмыстың себептерін сипаттайтын аудиожазба қалдырып, өзін-өзі өлтірген.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар атқарылуда. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауында. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де ақпараттар жария етуге жатпайды, - деп хабарлады Түркістан облысының ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында әкесін өлімші етіп ұрған ер адамның әйелінің үстінен қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы