Түркістан облысында деструктивті діни ағым өкілінен есірткі мен патрондар табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ-нің дәстүрлі брифингі барысында Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділда Ораз айтты.
Жедел уәкілдер заттай айғақ ретінде тұрғындардың біріне 25 мың теңгеге сатылған есірткі заты бар түйіншекті тәркіледі.Түркістан облысының полицейлері деструктивті діни ағым өкілінен есірткі мен патрондарды тәркіледі. Түркістан облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Келес ауданының тұрғынын есірткі сақтау және өткізу күдігімен ұстады, - деді ол.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға есірткі заттарын заңсыз таратқаны және айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік туралы еске салады.Сонымен қатар тінту барысында ұсталған азаматтың үйінен жалпы салмағы 760 гр болатын анашаға ұқсас зат табылып, тәркіленді. Сондай-ақ атыс қаруынан 20-дан астам патрон табылды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Тергеу барысында істің барлық мән-жайы және ер адам қандай мақсатта тыйым салынған заттарды сақтағаны анықталады, - деді Ораз.
Егер сізде осындай құқық бұзушылықтар туралы ақпарат болса, дереу полицияға 102 нөміріне хабарласыңыз, - деді ол