17 Қыркүйек 2026, 21:47 Фото: polisia.kz

Түркістан облысында браконьерлерден 260 келіден астам балық тәркіленді

Олардан 264 келі әртүрлі балық, сондай-ақ қайық және балық аулау торы тәркіленді.

Түркістан облысында браконьерлерден 260 келіден астам балық тәркіленді. Полиция қызметкерлері балық инспекциясы өкілдерімен бірлесіп жүргізген іс-шара кезінде Шардара су қоймасында балық ресурстарын заңсыз өндіруді тоқтатты.
 
Рейд барысында аудандық полиция қызметкерлері қайық пен балық аулау торларын пайдаланып, заңсыз балық аулаумен айналысқан екі азаматты анықтады.
 
Олардан 264 келі әртүрлі балық, сондай-ақ қайық және балық аулау торы тәркіленді.
 
Аталған факт бойынша барлық мән-жайды анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар атқарылуда. Тергеу нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті шешім қабылданбақ.