9 Маусым 2026, 22:51
Фото: pixabay
Түркістан облысында бір жасар бала даладағы дәретханаға құлап кетті
ТЖМ балаларды қысқа уақытқа болса да қараусыз қалдырмауды ескертеді.
Түркістан облысының Темірлан ауылында құтқарушылар даладағы дәретханаға құлап кеткен кішкентай балаға көмекке келді.
Оқиға туралы 112 жедел жәрдем қызметіне хабарланды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, 2025 жылы туған бала жеке үйдің аумағындағы даладағы дәретханаға құлап,шыға алмаған.
Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі дереу жетті. Құтқарушылар баланы мұқият шығарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.
ТЖМ балаларды қысқа уақытқа болса да қараусыз қалдырмауды ескертеді.