Түркістан облысында бір отбасы қар құрсауынан құтқарылды
10 ақпанда түнгі уақытта Түлкібас ауданы Рысқұлов ауылынан 15 шақырым жерде бір автокөлік қар құрсауында тұрып қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға орнына дереу құтқарушылар шықты. Олар қар құрсауында кептеліп қалған техника мен ондағы адамдарды шығарып алды. Медициналық көмек қажет болған жоқ.
Азаматтар ең жақын елді мекенге жеткізілді. Қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды және дауылды ескертулер мен жолдардың жабылуы туралы SMS алған кезде алыс жолға шықпауды сұраймыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ассы обсерваториясының жанында қар көшкіні жүрді
Өзгелердің жаңалығы