Кеше 2026, 22:24 Фото: Скриншот

Түркістан облысында бес жеңіл көлік балшыққа батып қалған

ТЖМ мамандары тұрғындарға ауа райы жағдайын алдын ала ескеріп, әсіресе таулы және жолсыз аймақтарда жүріп-тұру кезінде сақтық шараларын қатаң сақтауды ескертеді.

Түркістан облысында құтқарушылар қолайсыз ауа райының салдарынан жолда және батпақта қалып қойған адамдарды эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, оқиға Төлеби ауданы аумағында, Қасқасу ауылдық округінде тіркелген. Нөсер жауыннан кейін жол учаскесі шайылып, нәтижесінде 5 жеңіл көлік балшыққа батып қалған.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқару қызметі барлық көлікті балшықтан шығарып, оларда болған 15 адамды қауіпсіз жерге эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ, медициналық көмекке жүгіну қажеттілігі болмаған.

Сол күні тағы бір жағдай Алатау ауылы маңында, «Тау Самалы» тау шаңғысы базасы жанында тіркелді. Мұнда күшті жауын-шашыннан кейін тағы бір жеңіл автокөлік батпаққа батып қалған. Құтқарушылар көлікті эвакуациялап, жағдайды тұрақтандырды.

ТЖМ мамандары тұрғындарға ауа райы жағдайын алдын ала ескеріп, әсіресе таулы және жолсыз аймақтарда жүріп-тұру кезінде сақтық шараларын қатаң сақтауды ескертеді.