Түркістан облысында ауыр жүк көлігі жол апатына ұшырады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мессенджерлер арқылы Түркістан облысының аумағында болған жол-көлік оқиғасы орнынан түсірілген бейнежазба таралуда.
Аталған бейнежазбаны тексеру барысында, жол-көлік оқиғасы 14 сәуірде Түркістан-Кентау тас жолы Оранғай ауылының бойында болғаны анықталды. «Хово» маркалы ауыр жүк көлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, көлік аударылып кеткен.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. Ауыр жүк көлігінің жүргізушісі, Оранғай ауылының тұрғынына қатысты екі бап бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Олар: ҚР ӘҚБтК-нің 614-бабы (Көлік құралдарының қозғалысына кедергі жасау) және 630-бабы (Жолдарды, теміржол өтпелерін және басқа да жол құрылыстарын бүлдіру), - деп хабарлады облыстық ПД-ның баспасөз қызметі.Сонымен қатар Түркістан облысының полицейлері жүргізушілерді жол ережесін бұзбауға шақырады. Жол қозғалысы ережелерін сақтамаудың соңы ауыр зардапқа әкелуі мүмкін.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Зейнетақы алымдарынан табыс салығы ұстала ма?
Келесі жаңалық
Тегін және жасырын. Тұрғындар АИТВ мәртебесін біле алады
Өзгелердің жаңалығы