Бүгiн 2026, 15:24 Фото: ©BAQ.KZ архиві/ Арман Мухатов

Түркістан облысында атасы немересін зорлады деген іс бойынша тергеу басталды

Отырар ауданында кәмелетке толмаған балаға қатысты болуы мүмкін құқыққа қайшы іс-әрекеттер туралы ақпарат бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Отырар ауданында балаға қатысты зорлық-зомбылық болуы мүмкін деген факті бойынша тергеу жүргізілуде.

Полицияға жергілікті тұрғын арызданып, оның 8 жасар баласына өз атасы қиянат жасағанын хабарлаған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облыстық Полиция департаменті алғашқы тергеу әрекеттерінің нәтижесі бойынша әзірге құқыққа қайшы әрекеттер фактісі расталмағанын, баладан дене жарақаттары табылмағанын хабарлады.

Отырар ауданы тұрғынының кәмелетке толмаған ұлына қатысты болуы мүмкін құқыққа қайшы іс-әрекеттер бойынша жазған арызына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Алғашқы тергеу іс-шараларының нәтижелерімен заңсыз әрекеттер анықталмады, дене жарақаттары табылған жоқ. Сонымен қатар барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар жалғасуда. Қосымша сараптамалар тағайындалды. Тергеу нәтижесімен заңнамада белгіленген тәртіппен процестік шешім қабылданатын болады, - деп хабарлады Түркістан облысының ПД баспасөз қызметі.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева атап өткендей, бала қазір «Балаларды қолдау орталығына» орналастырылды. Оған психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.

Полиция тергеу мүддесіне байланысты істің егжей-тегжейі жария етілмейтінін ескертті.

Тергеу мүддесіндегі өзге де ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды. Сонымен бірге, полиция азаматтарды жалған ақпарат таратудан бас тартуға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады, - деп толықтырды ведомство өкілдері.

Тергеу жалғасуда. Соңғы шешім барлық сараптамалар аяқталып, тергеу амалдары біткеннен кейін шығарылады.

Еске салайық, бұған дейін Семейде ер адамның жасөспірім қыздарды зорлаймын деп қорқытқаны хабарланды. 

Тағы оқи отырыңыздар:

"Баспен ұрды": Алматыда агрессивті ер адам бойжеткенге тап берді

Әйел 30 жыл бұрын бірнеше адам зорлағанын айтты

Қызылордада зорланған 16 жастағы қыз босанды