Түркістан облысында асфальт бетоны күн ыстығынан көтеріліп кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Республикалық маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент» автожолының Түркістан қаласы 2234 км, Темірлан ауданы маңындағы жолдың ауа температурасының көтерілуіне байланысты (+47С дейін) цемент-бетон жабыны көтерілді.
Қазіргі уақытта "ШымкентДорстрой ӨК"ЖШС мердігерлік ұйымымен ақауларды жою жұмыстары жүргізілуде. Экскаватор, каток, КАМАЗ, жіккесу құрылғысы және 10 жұмысшы жұмылдырылған. Күннің соңына дейін жол жүру толық қамтамасыз етіледі. Осыған байланысты уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол қозғалыс қауіпсіздігін сақтап жол белгілеріне назар аударып, жылдамдықты шектен асырмай мұқият болуларыңызды сұраймыз, - деп хабарлады «ҚазАвтоЖолдың» облыстық филиалы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы