Түркістан облысында «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков «Алтын алқа» және «Күміс алқаға» лайықты көпбалалы аналарды қабылдап, арнайы марапаттады, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Сіздер еліміздің демографиясының өсуіне, халық санының көбейуі мен ұрпақ тәрбиесіне елеулі үлес қосып келесіздер. Өз атымнан сіздерге үлген ризашылығымды білдіремін. Дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман болсын, – деді аудан басшысы.

«Алтын алқа» алған аналар қатарында 7 бала өсірген Айнұр Анарбекова да жылы лебізін білдірді.

Бүгінгі алып отырған медальдарыңызбен құттықтаймын. Бәріміздің өсіріп отырған ұл-қыздарымыз, тәуелсіз еліміздің дамуына үлес қосатын азамат болсын, – деген тілегін білдірді.

Бүгінгі марапат барысында 6 ана «Алтын алқа», 17 ана «Күміс алқа» иегері атанды. Жалпы Созақ ауданында 818 «Алтын алқа», 1120 «Күміс алқа» иесі бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы