Түркістан облысында алаяқ әйел ұсталды
Түркістан полицейлері алаяқтыққа қатысы бар күдіктіні ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасы кезінде алаяқтық қылмысына қатысы бар деген күдікпен 34 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.
Жұмыссыз әйел танысын мемлекеттен қайтарымсыз несие алуға көмектесемін деп, одан 150 мың теңге ақша алып, уәдесін орындамай қашып жүрген. Тәртіп сақшылары күдікті әйелдің дәл осыған ұқсас 3 жайтқа қатысы барын анықтады, - деп жазылған хабарламада.
Келтірілген шығын - 600 мың теңге. Қазір күдікті әйелге қатысты соталды тергеу амалдары жүргізіліп, жинақталған құжаттар сотқа жолданып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Таразда көгалдандыру жұмыстары қарқын алды
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы