Түркістан облысында ақылы жолдар пайда болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында кей жолдар ақылы болады. Оған Қызылорда, Алматы және Ташкент бағытындағы республикалық маңыздағы жолдар кіреді, деп жазды «Хабар 24».

Қазірдің өзінде автомагистральдарда төлем терминалдары орнатылып жатыр. Қондырғылар әзірге сынақтан өтеді. Мамандардың айтуынша, жаңа жүйе жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігі және жайлылығы үшін қажет. Сонымен қатар жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға септеседі. 

Өңірде ұзындығы 750 шақырымнан аса республикалық маңыздағы жолдар болса, оның 210 шақырымы ақылы болады. 

Жолда көліктің дөңгелегі түсіп қалса, бензині бітіп қалса, 1413-ке хабарласады. Олар полиция мен жедел жәрдем қызметкерлеріне хабар беріп, керек болса, эвакуатор жібереді. 4 санат бар. Жеңіл көліктер жылына 1 мың теңге төлейді. Облыстың аудандары бойынша. Ал үлкен көліктерге баға басқаша. Жақын жердегі ауылда тұратындарға жеңілдік бар, - деді  Ақылы жолдар дирекциясы директорының орынбасары Еркін Жанкенов.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы