Түркістан облысында әкесін аяусыз ұрған азамат қамауға алынды
Түркістан облысында әкесін аяусыз ұрған ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде әкесін ұрып-соққан ер адамның видеосы тарады. Осыған орай облыстық өңірдегі полиция департаменті түсініктеме берді.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлады облыстық ПД-ның баспасөз қызметі.
Қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етілмейді.
Айта кетейік, оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Онда ер адам қарияны боқтап, «есек, аяғыңды бас» деген секілді ауыр сөздер айтқан. Жұлқылап, ұрып-соққан. Бұл жағдай желі қолданушыларының наразылығын тудырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Су-энергетикалық баланс: Астана-Бішкек-Ташкент келісімі жасалды
Өзгелердің жаңалығы