Түркістан облысында адасып кеткен тағы үш турист құтқарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылы 6 маусым күні сағат 15-40 та Түркістан облысы Төлеби ауданының «101» қызметінің басқару пультіне азамат Ж.Тәжімұратовтан сағат 12-00-де 3 адамның адасқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Демалушылардың құрамында 3 адам (1994 ж.т. 1994 ж.т 1993 ж) барлығы Сарыағаш ауданының тұрғындары. Демалушылар Біргүлік шатқалы бағытындағы тауларға сарқырамаға дейін барып, адасып кеткен. Қайтып келе жатқанда жоғалғандардың айтуы бойынша, олардың біреуі ауырып қалып және олар өздігінен таудан түсе алмайтынын түсінген – деп хабарлады Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі.

16:33-те зардап шеккендерді құтқару үшін жедел штабтан Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиаспас» АҚ Mi-8AMT UP-MI871 ұшағы жінеде Түркістан обылысы Төтенше жағдайларды департамент бастығының орынбасары, подполковник Е. Сарыбаев, жедел құтқару жасағынан (6 құтқарушы) жіберілген.

17-25-те тікұшақтағы іздеу жұмыстары кезінде үш адамды табылып, құтқарылды. Кешкі сағат 17:55-те құтқарылған адамдар Шымкент қаласының әуежайына жеткізілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы