Түркістан облысында 7 мыңнан аса көшет отырғызылды
Сауран ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен 12 ауыл округке 7 мыңнан аса ағаш көшеттері егілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Отырғызылған ағаштардың ішінде тұт, туя, қайың және т.б. ағаш түрлері бар. Аталған көшеттер Түркістан облысы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан тегін үлестірілген.
Ағаштар мемлекеттік мекемелердің алдына, көше бойлары мен саябақтарға егілді.
Наурыз айының 15-не дейін аудандағы елді мекендерге тағы да 6 000 түп көшет отырғызылады деп жоспарланып отыр.
Айта кетейік, аудан, қала әкімдіктері көгалдандыруға қажетті көшеттермен қамтамасыз етілуде. Елді мекендерді көгалдандыруға берілген көшеттерді егу, күтіп-баптау, қала, аудан әкімдеріне жүктелген.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Шымкентте бір күндік сәбидің өңешіне күрделі ота жасалды
Өзгелердің жаңалығы