16 Мамыр 2025 2025, 23:59 Фото: Архив

Түркістан облысында 4 млн теңгеге алаяқтық жасаған күдікті ұсталды

Түркістан облысы Сайрам ауданында жалған уәде арқылы азаматтарды алдаған ер адам қолға түсті.

Түркістан облысы Сайрам ауданында жалған уәде арқылы азаматтарды алдаған ер адам қолға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, жұмыссыз ер адам танысына "емтихансыз жүргізуші куәлігін жасап беремін" деп, 230 мың теңге алып кеткен. Ақшаны өз қажетіне, нақтырақ айтқанда, құмар ойынға жұмсаған.

Тергеу барысында оның осындай 19 алаяқтық дерегіне қатысы бары анықталды. Жалпы шығын көлемі шамамен 4 миллион теңгеге жеткен.

Қазіргі таңда күдіктінің ісі сотқа жолданды.