Түркістан облысында 34 миллионның жарамсыз дәрісі тәркіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында аса ірі көлемде контрабанда жолы кесілді. Есірткіге қарсы күрес басқармасы мен Сарыағаш аудандық полицейлері дәрі-дәрмекке толы жүк көлігін анықтап отыр, деп хабарлайды КТК арнасы.
Машина толы 254 қорапқа салынған препараттардың жалпы құны – 34 миллион.
Тауардың Өзбекстан азаматына тиесілі екені анықталды.
Құжаты жоқ дәрі-дәрмектің жарамдылық мерзімі де өтіп кетіпті. Жүргізушінің айтуынша, Сарыағаштан Түркістан қаласына дейін апаруға Шымкент тұрғынымен келісіпті. Тауардың Өзбекстан азаматына тиесілі екені анықталды. Тәркіленген дәрі-дәрмек ішінде бисокодил, бисептол, кетонал және басқалары болған. Енді зияны болмаса, пайдасы жоқ медициналық препараттардың көзі жойылады.
Дәрі-дәрмекті Ресей Федерациясынан Өзбекстанға алып бара жатқан. Пайдалану уақыты да өтіп кеткен. Қазір Сарыағаш АПБ-да тіркелді, тексеру жалғасуда, - деді Түркістан облысы ПД баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматылық тәртіп сақшылары кәсіпкерлерге негізсіз айып таққан
Келесі жаңалық
Барлық өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Өзгелердің жаңалығы