Түркістан облысында 2 жасар бала өзенге құлап кетті
Түркістан облысында 2 жасар бала өзенге құлап, көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
4 наурыз күні Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің «112» пультіне Бәйдібек ауданы Боралдай ауылдық округінің Жоғарғы Боралдай ауылының тұрғындары 2020 жылы туған баланың денесін (құлаған жерден 1 шақырым жерден) судан алып шыққаны туралы хабарлама түсті.
Алдын ала мәлімет бойынша, 4 наурыз күні күндіз ата-анасының қарауынсыз қалған бала суға түсуге арналмаған жерде – үйге жақын маңдағы өзенге құлап кеткен.
Оқиға орнына Түркістан облысы ТЖ департаментінің, кезекші тергеу-жедел тобының қызметкерлері барды, – делінген министрліктің мәліметінде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы