Түркістан облысында 1,8 млн теңгенің алкоголь өнімі саудадан алынды

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне 2023 жылдың тамыз айында қоғам белсендісінен арыз түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Арызда Түркістан облысында бірнеше аудандандарда орналасқан сауда дүкендерінен сатып алынған тауарларына фискальды чек бермегендігі көрсетілген.

Осыған орай бірнеше 6 аудандағы сауда орындарында бақылау-кассалық машиналарының (БКМ) және алкоголь өнімін сатуға тиісті құжаттары бар-жоғына көз жеткізу үшін тексеру тағайындалды.

Нәтижесінде Шардара ауданында орналасқан, арызда көрсетілген сауда орындары тиісті құжаттарсыз яғни лицензиясыз құны 1,8 млн теңгенің 1 589 шөлмек алкоголь өнімдерін сатқаны анықталып, аталған іс бойынша материалдар сотқа жолданды, - деп хабарлады ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті
Өзгелердің жаңалығы