Түркістан облысында 16 заңсыз құрылыс нысаны сүрілген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы аумағында былтыр 16 заңсыз құрылыс нысандары сүрілген. Оның ішінде, 6 нысан сот шешімдерімен, 10 нысан түсіндірме жұмыстары арқылы меншік иелерінің өз еркімен бұзылған.
Бұл туралы облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының орынбасары Тарту Байтұрсынов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
Өңір көлемінде былтыр 715 жоба бойынша нысандардың құрылыс-монтаждау жұмыстары басталған. Оның ішінде 356 нысанның құрылысы бюджет қаражаты есебінен, 348 нысанның құрылысы жеке кәсіпкерлік қаражаты есебінен және 11 жоба инвестициялық қаржы есебінен салынуда. Сондай-ақ, басқармада 2020 жылы заң талаптарын сақтамай салынған 84 құрылыс нысандарына тексеру жүргізіліп, анықталған заң бұзушылықтар негізінде ҚР-ның ӘҚБтК-нің баптарына сәйкес 153 хаттамамен шара көрілген,- деді Тарту Орынтайұлы.
Баспасөз мәслихатында мәлім болғандай заң талаптары сақталмаған үшін жалпы салынған айыппұл көлемі 28 935 945 теңгені құрайды. Негізінен, басқарма тарапынан 5 мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.
Бұл қызметтер 2019 жылдан бастап 100 пайызға электронды түрде көрсетілуде. Былтыр құрылыс саласында лицензия алуға, қайта тіркеуге, аттестат алуға қатысты барлығы 1096-өтініш қабылданған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Калифорнияда мектептер қайта ашыла бастады
Келесі жаңалық
Қаржы министрлігі: Мемлекеттік сатып алу туралы ашық диалог
Өзгелердің жаңалығы