+3

Түркістан облысында 14 жастағы жүкті болған қызға қатысты тың дерек шықты

Түркістан облысында 14 жастағы жүкті болған қызға қатысты тың дерек шықты

Түркістан облысы Келес ауданының сегізінші сынып оқушысы 37 жастағы азаматтан жүкті болды деген күдік бар, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

14 жастағы қыздың құрсағында сәбиі бар екенін білген анасы алдымен полицияға шағымданған. Қазір кәмелет жасына толмаған жеткіншекті зорлады деген күдікпен 37 жастағы азамат ұсталды. Мектеп оқитын қыздың бойындағы өзгерістерді алдымен анасы байқаған. 

Содан қызын жетектеп ауруханаға апарып, сол жерде қызының жүкті екенін білген. Ең сорақысы, кәмелет жасына толмаған қыз жеті ай бойы құрсағында сәбиі бар екенін ешкімге айтпаған. Тіпті мектепке барып, сабақ оқып жүрген. Аудандық білім бөлімінің өкілдері зәбір көрген оқушыға дағдарыс орталығының мамандары көмек көрсетіп жатқанын мәлімдеді.

Қазір жасөспірім дағдарыс орталығына уақытша орналастырылды. Оған қажет психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Сондай-ақ аудандық полиция бөлімі тарапынан тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – дейді Түркістан облыстық білім бөлімі.

Айта кетейік, бұл іс бойынша оқушыны көршісінің үйіне келіп жүрген 37 жастағы азамат зорлады деген күдік бар. Қазір полиция сот-медициналық сараптамасын тағайындап, тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ архив
Өзгелердің жаңалығы