Түркістан облысында 134 өзен мен көлде балық өсіріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы жасанды балық өсіру бойынша елімізде көш бастап тұр. Тауарлы балық өсіруге жарамды 134 өзен - көл облыс аумағында орналасқан.
Оның ішінде 88 жергілікті маңызы бар су айдыны балық шаруашылығы мақсатында табиғат пайдаланушыларға берілген. Қосымша 46 жергілікті маңызы бар су айдыны қайта конкурсқа қойылып, осы жылдың 2-жарты жылдығына дейін толығымен бекітілетін болады.Бүгінгі таңда өңірде балық шаруашылығымен қуаттылығы жылына 8 мың тоннадан асатын 133 кәсіпорын айналысады. Оның ішінде үш ірі кәсіпорын бар.Сарапшылар Түркістан облысындағы жасанды балық өсіру саласының жоғары әлеуетін атап өтті. Бұдан басқа, мемлекет тарапынан акваөсіруге пайдаланылатын азықты сатып алуға жұмсалатын шығындардың 30% субсидиялау бағдарламасы балық шаруашылығын дамытуға оңды ықпалын тигізуде.
Сондай-ақ, мемлекет тарапынан акваөсіруге пайдаланылатын азықты сатып алуға жұмсалатын шығындардың 30% субсидиялау бағдарламасы балық шаруашылығын дамытуға оңды ықпалын тигізуде, - деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Айта кету керек, өңірдің тауар өндірушілері жоспарланған 1 600 тонна балық өнімінің 2020 жылы Әзербайжан, Грузия, Израиль, Ресей, Қытай және Өзбекстанға 2801,7 тонна балық экспорттап, жоспарды артығымен орындады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Соңғы 3 жылда Нұр-Сұлтанда әлеуметтік пәтер саны 9 есе өскен
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы